Германиядағы әуежайда Boeing 737 ұшағы өрт сөндіру көлігімен соқтығысты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Германиядан Анталияға ұшуға дайындалып жатқан Boeing 737 ұшағы өрт сөндіру көлігімен соқтығысты. Жолаушылар қосалқы ұшақты бес сағаттай күтуге мәжбүр болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ге сілтеме жасап.
30 қыркүйекте, кешке Германияның оңтүстігіндегі Фридрихсхафен әуежайында Corendon Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы өрт сөндіру қызметінің көлігімен соқтығысты.
"Анталияға бағыт алған Corendon Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы ұшу-қону жолағына қарай бұрылу кезінде орнында тұрған өрт сөндіру көлігіне соғылды. Жолаушылардың бірінің айтуынша, соқтығыс ұшақ бұрылуды бастағаннан кейін 6 секунд өткен соң болған", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ұшақтың сол қанаты қатты зақымданған. Зардап шеккендер жоқ, келтірілген шығын шамамен 300 мың еуроға (шамамен 150 млн теңге - ред. ескертпесі) бағаланып отыр. Жолаушылар әуе кемесінен шығуға мәжбүр болды. Шамамен бес сағаттан кейін олар қосалқы бортпен Түркияға ұшып кетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2436586-germaniiadagy-auezhaida-boeing-737-ushagy-ort-sondiru-koligimen-soqtygysty/
