jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Көзім көрмей қалды": Flydubai рейсінің ұшқышы Нетаньяхуға болған оқиғаның мән-жайын айтты

Смит Маччхар
Смит Маччхар. Фото: x.com/israelmfa

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai ұшағының капитаны Смит Маччхар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға болған жайтты егжей-тегжей баяндап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазір Абу-Дабиде ем алып жатқан Flydubai ұшағының капитаны Смит Маччхар Израиль премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескен. Биньямин Нетаньяху X желісінде әңгіменің видеожазбасын жариялады.

Нетаньяху Маччхар мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді Израильдің келесі Тәуелсіздік күніне шақырып, оларды салтанатты алау жағу рәсіміне қатысуға шақырды.

"Сіз Үндістан мен Израиль халықтары үшін, сондай-ақ бүкіл әлем үшін нағыз батырсыз. Сізге тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін", - деді Израиль премьер-министрі.

Одан әрі Нетаньяху капитаннан ұшақтағы оқиғаның қалай басталғанын сұрады.

"Бұл әдеттегі рейс болатын. Екінші ұшқыш... талап еткен жоқ, бірақ әдеттегідей намаз оқығысы келді, бұл ерекше нәрсе емес еді. Ол намаз оқып жатқанда, құрмет ретінде мен алға қарап отырдым, артыма бұрылған жоқпын.

Кенет шамамен 4-5 минуттан кейін, басымнан қатты соққы алдым. Ұшақта қандай да бір апаттық жағдай болып қалды немесе бірдеңе дұрыс емес деген ой келді. Бірақ кейін соққылар бірінен соң бірі жалғасты, сол кезде мәселе ұшақта емес, кабинада менімен бірге болған екінші адамда екенін түсіндім.

Мен оны тоқтатуға тырыстым, бірақ алғашқы соққыдан кейін көзім көрмей қалды, бұлдырап кетті. Есімде қалғаны – ұшақтың жылдам төмен құлдилап бара жатқаны", - деді Смит Маччхар.

Ұшқыштың айтуынша, оқиға жадында үзік-үзік сақталған, бірақ ол есікті бір рет ашуға тырысқанын, ал екінші ұшқыш оны қайта жауып тастағанын есіне алады.

"Егер қазір ештеңе істемесем, өлемін деп ойладым. Содан бар күшімді жинап, есікті итеріп аштым, құдайға шүкір, сыртта адамдар күтіп тұр екен, олар басқаруды өз қолдарына алды", - деді ол.

Маччхар ұшқыштар кабинасының есігі бұрылмалы механизммен ашылатынын түсіндірді. Ал сырттан ол тек код арқылы ашылады. Сырттағы кейіннен ұшақты басқаруды қолға алған ұшқыштар есікті код арқылы ашуға тырысқан, бірақ екінші ұшқыш оған мүмкіндік бермеген.

Есікті кодсыз ашудың жалғыз жолы – тұтқаға жетіп, оны бұру еді. Капитан дәл осы әрекетті жасап үлгерген.

"Көзім көрмей қалды": Flydubai рейсінің ұшқышы Нетаньяхуға болған оқиғаның мән-жайын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram