jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ жағалауында бортында алты адамы бар медициналық ұшақ жоғалды: сынықтары табылды

жоғалған адамдарды іздеу жұмысы
Жоғалған адамдарды іздеу жұмысы. Фото: uscg.mil

АҚШ жағалауында жоғалып кеткен медициналық ұшақтың сынықтары табылды. Бортта болған алты адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ АҚШ Жағалау күзетіне сілтеме жасап.

АҚШ Жағалау күзетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сенбіде Федералдық азаматтық авиация басқармасы Бермуд аралдарынан Бостонға бағыт алған Gulfstream G100 ұшағымен байланыс үзілгені туралы Жағалау күзетін хабардар еткен.

Кейінірек іздеу топтары Нантакет жағалауынан ұшаққа тиесілі болуы мүмкін сынықтарды тапты. Қазіргі уақытта бортта болған алты адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Олардың арасында Канаданың төрт азаматы мен Бермуд аралдарының екі азаматы бар екені белгілі. Жоғалғандардың туыстарына хабар берілді.

АҚШ жағалауында бортында алты адамы бар медициналық ұшақ жоғалды: сынықтары табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram