jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қырғызстанда өзінің жасын жасырып, жігіттерге өтірік айтқан қыздарды жазалау ұсынылды

Артқа қарап тұрған қыз
Артқа қарап тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қырғызстан Жогорку Кеңешінің депутаты жасы туралы өтірік айтып, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен қыздарды жазалауды ұсынды, деп хабарлайды KaktusMedia-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Жогорку Кеңеш депутаты Советбек Рустамбек уулу жасы туралы өтірік айтып, ер адамдармен қарым-қатынасқа түсетін жас қыздарды да жауапқа тарту керек деп мәлімдеді.

Ол отырыс барысында 16 жасқа толмаған кейбір қыз өзін "кәмелетке толғанбыз" деп айтатынын атап өтті.

"Осының кесірінен қаншама жас жігіт 15-18 жылға сотталып жатыр! Егер жігіттерді әдейі арандатқаны анықталса, қыздарды да жауапқа тарту керек. Мұндай заң жобасын әзірлеу қажет", - деп келтіреді депутаттың сөзін басылым.

Жогорку Кеңеш ресми сайтының дерегінше, Советбек Рустамбек уулу 2024 жылы "Ишеним" саяси партиясының тізімі бойынша депутат болып сайланған. Ол үйленген, бес баланың әкесі.

Қырғызстанда өзінің жасын жасырып, жігіттерге өтірік айтқан қыздарды жазалау ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram