jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Польшадағы оқу орнына шабуыл жасалды: зардап шеккендер бар

Күдіктіні ұстау
Күдіктіні ұстау. Кадр: x.com/@gulftoday

Польшаның Остроленка қаласындағы оқу орнына шабуыл жасалды. Салдарынан 7 адам зардап шекті. Олардың қатарында оқушылар мен мұғалім бар. Бұл туралы "Известия" басылымы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылым Fakty RMF FM радиостанциясының жарияланымына сүйене отырып, оқиға 7 қазанда болғанын жазады.

"Сәрсенбіде Остроленкадағы кәсіптік училищелер кешенінде пышақпен шабуыл жасалды", - делінген жарияланымда.

Зардап шеккендердің арасында мектеп оқушылары мен мұғалім бар екені, олардың екеуі ауыр жарақат алғаны хабарланды. Шабуыл жасады деген күдікпен 19 жастағы оқушы ұсталған.

Польшадағы оқу орнына шабуыл жасалды: зардап шеккендер бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram