Рестлер жерге лақтырған: Мексикада рингте төреші қайтыс болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мексикадағы жекпе-жек кезінде қайғылы оқиға болды. Рестлер рингке лақтырған төреші тіл тартпай кетті, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жергілікті Azteca Noticias порталының мәліметіне сүйенген спорт басылымының жазуынша, рестлер Хосе Анхель мексикалық төреші Херардо Пиньеданы рингке лақтырғаннан кейін ол қайтыс болған.
"Лақтырғаннан кейін 75 жастағы төреші орнынан тұра алмады. Бастапқыда көрермендер мұны шоудың бір бөлігі деп ойлады, алайда кейін рингке шыққан дәрігерлер Пиньеданың қайтыс болғанын растады", - делінген жарияланымда.
Қазіргі уақытта рестлер Хосе Анхельдің ұсталғаны белгілі болды. Оған абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Спортшының құқықтық мәртебесі алдағы 24 сағатта анықталатыны хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2439987-restler-zherge-laqtyrgan-meksikada-ringte-toreshi-qaitys-boldy-video/