jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевтың ұлына қатысты үкім шықты

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Бішкектің Бірінші мамыр аудандық сотының шешімімен айыпталушылар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олардың арасында елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы да бар, деп хабарлайды Kaktus.media-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, 2025 жылғы қарашаның соңында Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздіктерге дайындалу ісі бойынша бірнеше адам ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар Жогорку Кенеш депутаттарын мерзімінен бұрын сайлаудан кейін жаппай наразылық акцияларын дайындады деген күдікке ілінген.

Ұсталғандардың қатарында Қадырбек Атамбаев (бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы), саясаткерлер Темірлан Сұлтанбеков, Эрмек Эрматов, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаттары Кубанычбек Қадыров пен Шайлообек Атазов, бизнесмен Урмат Барықтабасов, Атамбаевтың бұрынғы оққағары Дамир Мусакеев және басқалар болған.

Ал бүгін, 8 қазанда Бішкекте жабық режимде өткен сотта бұл іске нүкте қойылған. Кеңесу бөлмесінен оралған судья айыптау үкімін оқыған:

Сот үкімімен Темірлан Сұлтанбеков 7 жылға, Қадырбек Атамбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылған, ал бұған дейін алаяқтық ісі бойынша сотталған Абдурахим Абдрахмановтың бұрынғы жаза мерзімдері есепке алынып, оған түпкілікті 8 жыл жаза кесілген.

Эрмек Эрматовқа қатысты бап қайта сараланып, оған пробациялық бақылау белгіленген және ол сот залынан босатылған. Кубанычбек Қадыров толық ақталған.

Ал Қазақстан азаматы Серікбай Қабыланбек жазасын өтеуіне байланысты сот залынан босатылып, оны Қырғызстаннан шығарып жіберу туралы шешім шығарылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы қарашада Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болды деген күдікпен деструктивті топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлаған еді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, топтың құрамына саяси қайраткерлер, бұрынғы депутаттар, бұрынғы мемлекеттік қызметшілер және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері кірген. Олар өз жақтастарын, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар мен спорт қауымдастықтарын арандатушылық пен қақтығыс тудыру үшін тартқан.

Кейін елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев және экс-депутаттар қамауға алынғаны белгілі болды.

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевтың ұлына қатысты үкім шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram