jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Грекияда 22 жыл тоңазытқышта сақталған эмбрионнан қыз дүниеге келді

Қан талдауы
Қан талдауын жасауға арналған медициналық ыдыстар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Грекияда 2 жыл бұрын жалғыз ұлынан айырылған Кристина мен Константинос қызды болды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұлай ерекшелеп отырғанымыз шақалақ ерлі-зайыптының 22 жыл бұрын алынып, тоңазытқышта сақталған эмбрионнан жаралған. Кристина Рапти-Целепи 54 жасқа келген шағынд қайтадан сәби сүйіп, ана бақытын сезінді. Қызының салмағы үш жарым келі. "Ай күні жетіп туылған сәбидің қазір денсаулығы жақсы", – дейді ол.

"2024 жылы жалғыз ұлымыздан айырылып, қайғыдан қан жұттық. Арада біраз уақыт өткен соң, қайта бала көтеремін деп шештім. 22 жыл бұрын эмбрионды мұздатып, сақтап қойған едім. Бұл экстракорпоралды ұрықтандыру әдісін пайдалануға мүмкіндік берді. Соның арқасында осы жасқа келіп қайта ана атандым", - деді 54 жастағы Кристина Рапти-Целепи.

Кристинаның бірінші ұлы да 2004 жылы ЭКО арқылы дүниеге келген. Шаранасынан шықпаған эмбрионды күтіп, баптайтын абзал жандар – дәрігер-репродуктологтар.

"Әйелдің бойына бала біту үшін еңбек ететін олардың жұмысы зергерлік іспен тең", – дейді ерлі-зайыптылар.

"22 жылдан кейін эмбрионды ерітіп, әйелдің жатырына салып, баланың дүниеге келуі – менің тәжірибемдегі алғашқы жағдай. Бұл жолы ата-ананың жүзінен мұң мен қуанышты қатар көрдім", - дейді Грекия репродуктивті медицина қауымдастығының басшысы Костас Пантос.

Кейінгі жылдары Грекияда халықтың демографиялық өсімі баяулады. Сондықтан дәрігерлер балалы болуға рұқсат ететін жас шектеуін ұзарту керек деп санайды. Өйткені 54 жастан асқан әйелдер экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасына қатыса алмайды.

"Ұлым қайтыс болғанда бүкіл дүниенің мәні жоғалғандай болды. Дәрігерлер осы қиын жолда бізбен бірге болды. Кішкентайымыз дүниеге келгенде, өмірге құлшынысым қайта оянды", - дейді 60 жастағы Константинос Раптис.

Ерлі-зайыптылар қызының есімін 2024 жылы жол апатынан көз жұмған ұлы Георгиостың құрметіне Георгия деп қойды. Олар алдағы уақытта тағы бір нәресте сүюге ниетті. Керек болса, сол үшін де шетелге барып, ем қабылдаймыз деп отыр.

Грекияда 22 жыл тоңазытқышта сақталған эмбрионнан қыз дүниеге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram