jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Трамп Илон Маскқа АҚШ-тың ең жоғарғы ғылыми марапатын табыстады (видео)

Илон Маск және Дональд Трамп
Илон Маск және Дональд Трамп. Фот: Win McNamee/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскқа елдің жоғары ғылыми марапаты – Ұлттық ғылым медалін табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

NBC News-тің мәліметінше, марапатты америкалық технологиялық саланың басқа да ықпалды өкілдері алған.

Сондай-ақ Ғылым медалін Google компаниясының негізін қалаушы Сергей Брин, Nvidia басшысы Дженсен Хуанг және AMD басшысы Лиза Су иеленген. Ал Dell Technologies компаниясынан Майкл Делл мен Microsoft бас директоры Сатья Наделлаға Ұлттық технология және инновация медальдары табысталған.

"Біз америкалық ғажайыптар мен технологиялық жетістіктер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз және бүгін осында жиналған дарынды ерлер мен әйелдердің арқасында біз әрқашан көш басында боламыз", - деді Трамп.

Марапаттау барысында Ақ үй басшысы олардың барлығы тарихқа ұлы тұлғалар ретінде енетінін атап өткен.

РИА Новости-дің жазуынша, Трамп Маскты ұлт мақтанышы деп атаған.

"Біз сізді мақтан тұтамыз, өте қатты мақтан тұтамыз, (біздің – ред. ескертпесі) ұлттық мақтанышымызсыз", - деді америкалық басшы салтанатты рәсім кезінде.

Трамп Илон Маскқа АҚШ-тың ең жоғарғы ғылыми марапатын табыстады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram