jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Зеленский украиналық делегация АҚШ-та жаңа бейбітшілік жоспарын талқылайтынын мәлімдеді

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Украина делегациясы бүгін, 9 қазанда президенттің арнайы өкілдері Кушнер және Уиткоффпен кездесу үшін АҚШ-қа сапар шегеді. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды УНИАН-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

9 және 10 қазанда делегация Трамптың арнайы өкілдерімен Ресеймен арадағы қақтығысты аяқтаудың жаңа жоспары бойынша келіссөздер жүргізеді.

Келіссөздер жүргізетін украиналық топтың құрамына мына тұлғалар кіреді:

  • Президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов;
  • Президент кеңсесі басшысының орынбасары Сергей Кислица;
  • парламенттегі "Слуга народа" фракциясының төрағасы Давид Арахамия;
  • Украинаның Сыртқы барлау қызметінің төрағасы Рустем Умеров.

Зеленскийдің айтуынша, кездесулер екі күн қатарынан өтеді. Сондай-ақ ол кездесуге еуропалық тарап қосылуы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Мэриленд штатындағы сөзінде Украинадағы қақтығыстың жақын арада аяқталатынын мәлімдеген болатын.

Зеленский украиналық делегация АҚШ-та жаңа бейбітшілік жоспарын талқылайтынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram