jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мексикада түрмеде төбелес болып, 10 адам қаза тапты (видео)

Мексикадағы түрме
Мексикадағы түрме. Видеодан алынған кадр: x.com/@OnDemand_News

Мексикадағы түрмедегі төбелес салдарынан кемінде 10 адам мерт болып, тағы 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Известия" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Испаниялық El País газетіндегі жарияланымға сілтеме жасаған "Известияның" жазуынша, төбелес Мексиканың Синалоа штатындағы "Эль-Кастильо" түрмесінде болған.

Жағдайды тұрақтандыру үшін мекемеге ұлттық гвардия қызметкерлері жіберілген.

"Қайтыс болғандардың арасында мекемеде жазасын өтеп жатқан туыстарына келген адам да бар", - делінген жарияланымда.

Құқық қорғау органдары араласқаннан кейін түрме бақылауға алынғаны нақтыланды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген, сол күні түрмеге келушілер үшін кездесулер тоқтатылған. Штат прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеуді бастаған.

Оқиға Синалоада жалғасып жатқан қауіпсіздік дағдарысы аясында болғаны атап өтіледі, бұл өз кезегінде қылмыстық топтардың текетіресімен байланысты, делінген жарияланым мәтінінде.

Мексикада түрмеде төбелес болып, 10 адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram