jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Садыр Жапаров Қырғызстанда шекарашылар мен кеденшілердің жаппай ұсталғанын хабарлады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: Қырғызстан президентінің Telegram-дағы "Ынтымак Ордо" арнасы

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жүргізушілерден ақша бопсалады деп күдікке ілінген шекарашылар мен кеденшілердің жаппай ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kaktus.media-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Садыр Жапаров кеденшілер мен шекарашылардың жаппай ұсталғаны туралы 12 қазанда Баткен облысы Лейлек ауданының тұрғындарымен кездесуде айтқан.

Ол елде контрабанда болмауы тиіс, ал импортқа кедендік алымдар салынуы керек деген талап қойғанын атап өтті.

"Сол себепті бюджет өсіп жатыр. Ал сіздердің ойларыңызша, мен экономиканы қалай көтеремін? Кеше 15 кеденші мен шекарашы ұсталды. Контрабанданы өткізіп, ақша жинайды.

Мен ҰҚМК орнатқан жасырын камераның видеосын көрдім. Камера 15 күн тұрды, күнде жинайды, тура конвейер сияқты. Жүргізушілер кіріп, ақша қалдырады, сосын кеденші кіріп, қалтасына салады. Артынша шекарашы кіріп, ақшаны қалтасына салады. Қазір олар қамауда", - деді Жапаров.

Еске сала кетейік, биыл тамызда Қырғызстан ҰҚМК Қазақстанмен шекарадағы жүк көліктеріне қатысты сыбайлас жемқорлық схемасын әшкерелеген болатын.

Садыр Жапаров Қырғызстанда шекарашылар мен кеденшілердің жаппай ұсталғанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram