jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Аттракциондағы қайғылы оқиға: АҚШ-тың ойын-сауық саябағында ер адам қаза тапты

Эвакуация
Эвакуация. Видеодан кадр: x.com/ScopeReport

АҚШ-тағы Six Flags Over Georgia ойын-сауық саябағында қайғылы оқиға тіркелді – бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ABC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Goliath аттракционына болған – алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам орындығынан ұшып кеткен.

Билік өкілдері саябаққа келушінің қайтыс болғанын растаған.

"Бүгін саябағымызда болған қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына, жақындарына, достарына қайғырып көңіл айтамыз. Сондай-ақ бұл оқиғадан соққы алған келушілер мен қызметкерлерге қолдау көрсетіп жатырмыз.

Саябақ қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері оқиғаға дереу назар аударды. Біз тергеу жүргізіп жатқан жергілікті билікпен толықтай ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Марқұмның отбасының жеке өмірін құрметтей отырып, қосымша мәліметтер бермейміз", - деп мәлімдеді саябақ әкімшілігі.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мейблтон қаласының мэрі Майкл Оуэнс та көңіл айтты. Ол тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Марқұмның отбасын құрметтей отырып және тергеу жалғасып жатқанына байланысты біз қандай да бір пікір білдіруден бас тартамыз", - деді саясаткер.

Сонымен қатар жаңалықтар тікұшағы келушілердің Goliath аттракционынан түсіріліп жатқанын түсіріп алған. Оқиғадан кейін аттракцион тоқтап, бірнеше вагон трассаның ең жоғарғы нүктесінде қалып қойғаны хабарланды.

Аттракциондағы қайғылы оқиға: АҚШ-тың ойын-сауық саябағында ер адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram