jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Оңтүстік Кореяда пышақ ұстаған ер адам супермаркет келушілеріне шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: x.com/@Osint613

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы супермаркетте болған шабуыл кезінде сегіз адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды "Известия" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, оқиға Намдонгу ауданындағы фудкортта болған.

"Инчхондағы ірі супермаркетте 60 жас шамасындағы ер адам қару қолданып, сегіз адамды жаралады", - делінген жарияланымда.

Шұғыл қызметтердің мәліметінше, Инчхон қаласының Намдонгу ауданындағы полицияға супермаркеттің фудкортында пышақ ұстаған ер адам келушілерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама түскен.

Құқық қорғу органдарының қызметкерлері оқиға орнында қару сілтеп жүрген ер адамды ұстаған. Оны полиция келгенге дейін келушілердің өзі тоқтатқан.

Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан сегіз адам жараланған, олардың біреуі жүрегі тоқтап, ауруханаға жеткізілген.

Полиция қызметкерлері шабуыл жасаған адамның сөмкесінен "басқа көптеген қару" тапқан. Қылмыстың мән-жайы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оңтүстік Кореяда пышақ ұстаған ер адам супермаркет келушілеріне шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram