jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Пәкістанда мектептің шатыры құлап, ондаған бала мерт болды (видео)

оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Abdul MAJEED / AFP via Getty Images

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мектептердің бірінде төтенше оқиға тіркелді – шатыр құлап, ондаған адам қайтыс болды. Құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті билік өкілдері ВВС-ге 15 қазанда мектептердің бірінде сабақ кезінде шатыр құлағанын мәлімдеді. Басылым кемінде 18 оқушы мен мұғалімнің қаза тапқаны туралы деректерді келтіреді.

Тағы 40 адам жарақат алды, кейбірінің жағдайы өте ауыр. Сондай-ақ бірнеше баланың үйінді астында қалып қойған болуы мүмкін.

Леди Ридинг атындағы аурухана өкілі Мохаммад Асимнің айтуынша, қаза тапқан оқушылардың барлығы 13-ке толмаған.

The Times of India қаза тапқандар 29 адам деп жазады, олардың арасында бір мұғалім бар. Оқиға орнында құтқару бригадалары әлі де жұмыс істеп жатқаны, олар балалар мен мектеп қызметкерлерін іздеу үшін үйінділерді тазартып жатқаны атап өтілді.

Басылым Пәкістанда ғимараттар мен шатырдың құлауы жиі кездесетін құбылыс екенін, бұған негізінен қауіпсіздік стандарттарының төмендігі мен сапасыз құрылыс материалдарын пайдалану себеп болатынын жазады.

Пәкістанда мектептің шатыры құлап, ондаған бала мерт болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram