jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Франция әуе кеңістігінде ұшақ дабыл белгісін қосты

ұшақ
Ұшақ. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Тулузадан Кан қаласына бағыт алған француздық Volotea әуе компаниясының ұшағы апаттық дабыл берді. Кейінірек әуе кемесі қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Известия-ға" сілтеме жасап.

Flightradar24 сервисінің деректеріне сүйенген "Известия" мәліметінше, Франция әуе кеңістігінде Volotea әуе компаниясының ұшағы апаттық дабыл белгісін берді.

Ақпаратқа сәйкес, әуе кемесі Тулузадан Астана уақытымен сағат 9:55-те ұшып шығып, Кан қаласына қонуға тиіс болған. Одан кейін әуе кемесі Лимож қаласының әуежайына бағыт алды. Соңғы мәлімет бойынша, ұшақ қонды.

Дабыл белгісін берудің нақты себептері мен ұшақтың қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Ұшқыштар 7700 кодын борттағы төтенше жағдай туралы хабарлау үшін қолданады.

Франция әуе кеңістігінде ұшақ дабыл белгісін қосты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram