jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар арасында бала бар (видео)

ұшақ құлаған жер
Ұшақ құлаған жер. Видеодан кадр: x.com/@SaiyidYasir

АҚШ-тың Висконсин штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, баламен қоса алғанда алты адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ABC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тағы Висконсин қаласының маңындағы орманды алқапта Piper PA-46 шағын ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған алты адамның барлығы қаза тапты.

Билік өкілдерінің мәліметінше, әуе кемесі алты адамға арналған. Ұшақ құлады деген бірнеше хабарлама түскеннен кейін, қызметкерлер оқиға орнынан бес ересек адам мен бір баланың денесін тапты.

"Апат кезінде бұл ауданда жаңбыр жауып, найзағай ойнап тұрған. Мамандар ауа райының болған оқиғаға қаншалықты әсер болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр.

Ұшақ құлағанға дейін жақын маңдағы әуежайдың диспетчерлік мұнарасымен байланыста болған. Тергеушілер дыбыстық жазбаларды зерттеп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұл туралы құқық қорғау органдары мен АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) өкілдері хабарлады.

Апат салдарынан жердегі адамдар зардап шекпегені және ғимараттарға зақым келмегені атап өтілді. Қаза тапқандардың аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар арасында бала бар (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram