БАҚ: Зеленский Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тек бір шартпен тоқтатуға келісуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина президенті Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы беруді уақытша тоқтатуға бір шарт орындалған жағдайда келісуі мүмкін, деп хабарлайды УНИАН-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап жазуынша, АҚШ сенаторлары Роджер Викер мен Кевин Крамер Киевке сапары кезінде Владимир Зеленскийге Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы беруді уақытша тоқтатуды ұсынған. Олар есесіне АҚШ украиналық Starlink спутниктік желісінің қамту аймағын Ресей аумағының ішіне қарай шамамен 300 шақырымға кеңейтетінін айтқан.
"Бізге Зеленскийдің бұл ұсыныспен келісетінін және осындай келісім аясында 100 күн бойы Ресейдегі энергетикалық нысандарды бомбалаудан бас тартатынын мәлімдегенін жеткізді", - деп жазады журналистер.
Олардың мәліметінше, Зеленский мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтатуды Patriot зымырандарының көбірек санына айырбастауға дайын екенін де мәлімдеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2443636-baq-zelenskii-reseiding-munai-ongdeu-zauyttaryna-soqqy-berudi-tek-bir-shartpen-toqtatuga-kelisui-mumkin/