jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Колумбияда заңсыз алтын өндіретін шахта опырылып, 14 адам қаза тапты

Опырылу
Опырылу. Фото: x.com/TheRawWire

Колумбияның оңтүстік-батысында заңсыз алтын өндіретін шахта опырылып, 14 адам қаза тапты, тағы 7 адам жарақат алды. Бұл туралы The Straits Times-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға туралы ақпаратты жергілікті билік өкілдері растаған.

Нариньо губернаторы Луис Альфонсо Эскобардың айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған.

Өңір басшысы орталық үкіметті, Ұлттық тау-кен агенттігін, сондай-ақ Тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрлігін еңбек жағдайын жақсарту және қауіпсіздік стандарттарын арттыру үшін заңсыз және ұсақ тау-кен кәсіпорындарының қызметін заңдастыру процесін жеделдетуге шақырды.

Басылым бірнеше ай бұрын Поликарпа қаласында осындай қайғылы оқиға болғанын, сол кезде 13 адам қаза тапқанын еске салды.

Басылымның мәліметінше, Колумбияның ауылдық аймақтарында пайдалы қазбаларды реттелмеген жолмен өндіру кең таралған.

Мұндай кәсіпорындарда көбінесе қажетті қауіпсіздік инфрақұрылымы болмайды, бұл жиі қайғылы апаттарға әкеп соғады.

Колумбияда заңсыз алтын өндіретін шахта опырылып, 14 адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram