БАҚ: Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп қателесіп атағаннан кейін жоғары лауазымды шенеунікті қызметінен босатты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Садыр Жапаровты қателесіп Қазақстан президенті деп атады. Сөз сөйлеу мәтінін дайындауға қатысы бар шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның армян БАҚ-тарына сілтеме жасап жазуынша, оқиға 17 қазанда, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров COP 17 климаттық конференциясына қатысу үшін Ереванға келген кезде болған.
"Ең алдымен, Арменияға келген Қазақстан президенті Садыр Жапаровқа қош келдіңіз деп айтқым келеді", - деді Никол Пашинян қағаздағы мәтінді оқып тұрып.
Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің алдына шыққанда да Садыр Жапаровты бірнеше рет Қазақстан басшысы деп атаған.
Журналистердің мәліметінше, іс-шарадан кейін премьер-министр болған жағдайға қатысты наразылық білдіріп, хаттама қызметінің басшысы Гагик Ваноянды лауазымынан босатқан. Ол бұл қызметті 2022 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз