Қытайда магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді: қаза тапқандар бар (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркеліп, салдарынан оннан аса адам қаза тауып, тағы ондаған адам зардап шеккен. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның жазуынша, "Синьхуа" агенттігі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап, табиғи апат салдарынан кемінде 16 адамның қаза тапқанын мәлім еткен.
"Қытайдың Сицзан (Тибет автономиялық ауданы – ред. ескертпесі) аймағында болған жер сілкінісі салдарынан 16 адам қаза тапты", - делінген жарияланымда.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тағы 46 адам зардап шеккен, оның 11-і ауыр халде жатыр.
Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан 300-ден астам үй қираған.
Билік өкілдері келтірілген шығынды бағалауды жалғастырып, жер сілкінісінің салдарларын жою шараларын қабылдап жатқаны хабарланды.
At least 16 people were killed and 32 injured after a magnitude 7.0 earthquake struck Tibet, China, earlier, with hundreds of homes collapsing. https://t.co/7gDLXhtQ1w
— Open Source Intel (@Osint613) October 22, 2026
Sixteen people were killed and 32 others injured after a 7.0-magnitude earthquake struck Baqen County of Nagqu City in southwest China's Xizang Autonomous Region, according to the city's emergency management bureau. https://t.co/BERNm8mcXy
— China Xinhua News (@XHNews) October 23, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2446824-qytaida-magnitudasy-7-1-bolatyn-zher-silkinisi-tirkeldi-qaza-tapqandar-bar-video/