50 мыңнан астам: ғалымдар Еуропада аптап ыстықтан қанша адам көз жұмғанын анықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институтының ғалымдары осы жазда Еуропада аптап ыстықтан қанша адамның қайтыс болғанын анықтау үшін зерттеу жүргізді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, зерттеу нәтижелері 2026 жылдың жазында Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адамның көз жұмғанын көрсеткен.
"Жаз мезгілінде (Еуропадағы – ред. ескертпесі) 854 қалада аптап ыстықпен байланысты 50 391 өлім жағдайын тіркедік", - деп хабарлады институт өкілдері.
Ғалымдардың жазуынша, бұл қалаларда жалпы 173 миллионға жуық халық тұрады. Өлім-жітім көрсеткіші 85 жастан асқан қарттар арасында жоғары болған.
Аймақтар бойынша ең төменгі өлім-жітім Солтүстік Еуропада, ал ең жоғары көрсеткіш Оңтүстік Еуропада тіркелген. Аптап ыстықтың зардабын, әсіресе, Мальта, Италия, Венгрия және Хорватия тұрғындары қатты тартқан.
Ғалымдардың бағалауынша, бүгінде Еуропадағы ауа температурасы адам әсерінен болатын жаһандық жылыну болмаған жағдайдағы сценариймен салыстырғанда орташа есеппен 2,5°C-қа жоғары.
Зерттеуге сәйкес, жоғарыда аталған 50 мыңнан астам өлім жағдайының 65 пайызы (32,6 мыңы) адам әрекетінен туындаған климат өзгерісіне байланысты болуы мүмкін.
Ғалымдардың есебінше, өлім-жітім жағдайларының үштен біріне жуығы 17 маусым мен 1 шілде аралығында тіркелген. Бұл кезеңде Еуропа бойынша тәуліктік орташа температура қалыпты нормадан 5,3°C-қа жоғары болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2446941-50-myngnan-astam-galymdar-europada-aptap-ystyqtan-qansha-adam-koz-zhumganyn-anyqtady/