Тибетте жойқын жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар (видео)
Жарияланған күні:

Тибетте жойқын жер сілкінісі салдарынан 16 адам қаза тапты. Тағы 32 адам зардап шекті, ал жүздеген отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Қытайдың Тибет автономиялық ауданына қарасты Нагчу қалалық округінде магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді. Кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 32 адам жарақат алды.
Ауыр жарақат алғандардың саны 11 адамға жетті. Сейсмикалық оқиға салдарынан 339 отбасы баспанасыз қалды. Апат аймағында іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр, медициналық көмек көрсетілуде.
ҚХР Төтенше жағдайларды басқару министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы – 10 км тереңдікте. Өңірде төтенше жағдайға ден қоюдың төртінші деңгейі жарияланып, оқиға орнына құтқарушылардың жедел тобы жіберілді.
BREAKING At least 16 people have died and 32 have been injured after a magnitude 7.0 earthquake struck a remote region of Tibet. https://t.co/Lnj9nexPOw
— DC_Global_News (@DC_Global_News) October 23, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2447175-tibette-zhoiqyn-zher-silkinisi-boldy-qaza-tapqandar-bar-video/