jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жапония жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Иллюстрациялық фото: asbe/iStock/Getty Images Plus

Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды. Цунами қаупі жоқ, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл туралы сейсмикалық қызметтің міндетін атқаратын Жапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы мұхит түбінің астында, өте таяз тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулері Кагосима және Миядзаки префектураларындағы үйлердің шайқалуына себеп болған.

Алайда зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Көлік қатынасы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram