jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Таиландтағы танымал туристік арал нөсерден кейін су астында қалды (видео)

Таиландтағы су тасқыны
Таиландтағы су тасқыны. Фото: x.com/bkkdude

Таиландта нөсерден кейін елдегі басты туристік орталықтардың бірі – Пхукет аралының бірнеше ауданын су басты, деп хабарлайды ABC News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресми тұлғалардың дерегіне сүйенген басылымның мәліметінше, дүйсенбіде, 26 қазанда Таиландтың аралдық провинциясының үш ауданы, соның ішінде орталығы – Пхукет қаласы су тасқынынан зардап шеккен.

Провинция губернаторының орынбасары Ромдон Хайявае су тасқынынан әсіресе ойпатты аудандар көп зардап шеккенін айтты – ол аймақтар ұзақ уақыт бойы су астында қалған. Жеңіл көлік жүргізушілеріне бұл жерлерді айналып өтуге кеңес берілді.

Оның айтуынша, провинцияның кейбір аудандарында көшкін де жүрген. Билік өкілдері көшкін үйінділерінің арналарға құлап, су жолдарын бітеп тастауына жол бермеу үшін тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған фото мен видеолардан тұрғын аудандар мен бірнеше жолдың су астында қалғанын, ал кейбір көліктерді тасқыннан кейін үйіліп қалған балшық пен тас үйінділері ішінара басып қалғанын көруге болады.

Ромдон ұсынған дерекке сәйкес, 100-ге жуық үй шаруашылығына зақым келген. Құрбандар туралы ақпарат түспеген.

Бұл ретте Таиландтың метеорологиялық басқармасы оңтүстік өңірде сәрсенбіге дейін толассыз әрі ұзаққа созылатын жаңбыр жауатынын, бұл кенеттен су тасқыны мен жаңа көшкіндердің жүруіне себеп болуы мүмкін екенін ескертті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram