Үндістанда қонақүйде атыс болып, бес адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
26 қазанда Үндістандағы қонақүйлердің бірінде атыс болып, салдарынан бес адам қаза тапты. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды The Times of India-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, оқиға Гувахати қаласындағы Bilas Inn қонақүйінде сағат 21:00 шамасында (Астана уақытымен 20:30) болған. Белгісіз адам тіркеу орнында тұрған алты адамға оқ атқан.
Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, біреуі жарақат алған. Марқұмдардың төртеуі бір отбасының мүшелері болған.
India HOTEL LOBBY. SIX DEAD. Guwahati. Hotel Bilas Inn. Ambulances flood the street at night. Gunmen walk in. Bodies by the reception. Property dispute turned massacre. Assam just woke up to a bloodbath in a lodging house. Who walks into a hotel armed? https://t.co/kfUSWz2lIc
— Silent Politics◾️ (@silentpolitics1) October 26, 2026
Гувахати қаласының полиция комиссары Парта Саратхи Маханта оқиғадан кейін бір сағат ішінде күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Одан атыс кезінде қолданылды делінген қару тәркіленген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Алдын ала тергеу нәтижесіне сүйеніп, оқыс оқиға Bilas Inn қонақүйін жалға алу шартына байланысты мүлік дауынан туындаған деп болжап отырмыз", - деген Маханта тергеудің әлі бастапқы кезеңде екенін алға тартты.
Махантаның айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
INDIA | Five deaths from a SHOOTING incident near a hotel in Guwahati’s Ulubari area of Assam, with security officials on site. https://t.co/1rracgQYRx
— Breaking X (@BreakingXAlerts) October 26, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2447984-undistanda-qonaquide-atys-bolyp-bes-adam-qaza-tapty-video/