Түркияда құрылыс алаңында жойқын құйын соғып, бес адам мерт болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркияның Анталья қаласындағы құрылыс алаңында жойқын құйын соқты. Салдарынан жұмысшылардың контейнерлері қирап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
TRT Haber мәліметіне сүйенген РБК-ның жазуынша, оқиға Антальяның Кепез ауданындағы құрылыс алаңында болған. Құйын құрылыс конструкцияларын зақымдап, қызметкерлер отырған контейнерлерді қиратқан. Салдарынан төрт жұмысшы мерт болған.
Antalya'nın Kepez ilçesinde etkili olan hortumda parçalanan iki konteynerde bulunan 4 işçi hayatını kaybetti, 1 işçi yaralandı Antalya Valisi Hulusi Şahin: — Maalesef 2 işçimiz olay yerinde 2 işçimiz de kaldırıldıkları hastanede vefat ettiler — Bir işçimiz yaralı durumu hafif. Çok enteresan bir doğa olayı ile karşı karşıyayız. Çünkü şehrin herhangi başka bir yerinde fırtına, hortum ihbar edilmedi — Civarındaki binalarda bir şey yok ama sadece bu alanda iki konteyneri paramparça eden bir hortumla karşı karşıyayız —Meteoroloji Genel Müdürlüğü, Antalya için sarı kodlu sağanak yağış uyarısında bulunmuştu
— Nevzat Çiçek (@nevzatcicek) October 26, 2026
Табиғи апаттан кран да аударылып қалған, алайда Анталья губернаторы Хулуси Шахиннің айтуынша, оның астында зардап шеккендер жоқ. Тағы бір адам жарақат алған, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.
"Біз өте қызық табиғи құбылысқа куә болып отырмыз, қаланың басқа бөліктерінде торнадо туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ", - деді губернатор.
Шахин қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Құрылыс алаңында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
KEPEZ’DE 4 İŞÇİNİN CAN VERDİĞİ YER! ŞANTIYE’DE VİNÇ DEVRİLDİ, KONTEYNER UÇTU ‼️KEPEZ’DE 4 işçinin can verdiği inşaat sahası görüntülendi. Süper hücre hortumun vurduğu olayda 4 işçimiz maalesef hayatını kaybetti. Bölgede inceleme çalışmaları devam ediyor. Bir binanın da çatısı zarar gördü. Konteynerler paramparça oldu. #antalya
— Ertuğrul Gün (@ertugrulgun07) October 27, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2448153-turkiiada-qurylys-alangynda-zhoiqyn-quiyn-sogyp-bes-adam-mert-boldy-video/