jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Трамп "жасанды интеллект" терминіне ресми түрде тыйым салмақ

жасанды интеллект
Жасанды интеллект. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп "жасанды интеллект" терминіне ресми түрде тыйым салмақ – ол бұған дейін оның атауын "суперинтеллект" деп өзгерткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.

"Жақын арада біз барлық тиісті құжатта және басқа да салаларда дәл еместігі үшін "ЖИ/жасанды интеллект" терминіне ресми түрде тыйым саламыз", - деді Трамп.

Еске сала кетейік, қыркүйектің соңында АҚШ президенті Дональд Трамп "жасанды интеллектіні" ресми түрде "суперинтеллект" деп өзгертіп, тиісті жарлыққа қол қойған еді.

Бұдан соң Ақ үй басшысы ЖИ саласындағы саясатты үйлестіру үшін "Суперинтеллектуалды күш" (Super Intelligence Force) тобын құрды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram