Испаниядағы пойыз апаты: кем дегенде 46 адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Испанияда теміржол апаты болды – пойыздардың соқтығысуы салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапқан, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Испаниялық БАҚ-тың дерегіне сүйенген агенттіктің жазуынша, төтенше жағдай Урда станциясының маңында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, пойыз рельстен шығып кетіп, кемінде 46 адам қаза тапқан. Бұл туралы елдің азаматтық қорғау қызметі хабарлаған.
El Pais басылымының нақтылауынша, жоғары жылдамдықпен жүретін AVE пойызы жолда тоқтап тұрған Iryo пойызына соғылып, салдарынан екі вагон төмен құлап кеткен.
BREAKING: Nearly 40 people killed after 2 high speed trains collided in Toledo, Spain. https://t.co/R6QPY3WPu2
— Open Source Intel (@Osint613) October 28, 2026
Басылымның мәліметінше, Renfe компаниясы Мадрид, Сьюдад-Реаль және Андалусия арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылғанын хабарлаған.
Елдің премьер-министрі Педро Санчес теміржол апаты туралы жаңалықты терең күйзеліспен қабылдағанын айтып, қаза тапқандардың жақындарына қолдау білдірген.
BREAKING: Death toll jumps to 46 after trains collide between Los Yébenes and Urda in Toledo, Spain https://t.co/ADPiYpfyAO
— Klaxon Wire (@KlaxonWire) October 28, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2448839-ispaniiadagy-poiyz-apaty-kem-degende-46-adam-qaza-tapty-video/