Испаниядағы теміржол апаты: елде үш күндік қаралы күн жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 60-тан астам адамның өмірін қиған теміржол апатынан кейін үш күндік қаралы күн жарияланды. Бұл туралы РБК басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Испания үкіметінің басшысы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Ол министрлер кабинеті аман қалғандарды іздеуге және зардап шеккендер мен олардың жақындарына медициналық, материалдық және психологиялық көмек көрсетуге күш салып жатқанын атап өтті.
Санчес үкімет теміржол апатының себептерін анықтауға ниетті екенін жеткізді.
Еске салайық, кеше Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 64 адам қайтыс болды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатына қатысты пікір білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2449142-ispaniiadagy-temirzhol-apaty-elde-ush-kundik-qaraly-kun-zhariialandy/