jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Уругвайда жаттығу кезінде екі ұшақ соқтығысты: пилоттардың бірі көз жұмды

Аспандағы екі ұшақ
Аспандағы екі ұшақ. Көрнекі фото: Jie Zhao/Corbis via Getty Images

Уругвайда төтенше жағдай болып, екі шағын ұшақ жаттығу кезінде әуеде соқтығысты, деп хабарлайды РБК.

Жергілікті Subrayado басылымының хабарлауынша, ұшақтар Канелонес департаментіндегі Гуасувира ауданында 28 қазанда болған. Пилоттар әуеде жаттығу жасаған.

Соқтығысқаннан кейін ұшақтардың бірі Green аэродромына шұғыл қонған. Екіншісі орманды алқапқа, аэродромнан шамамен 2 км жерге құлаған.

Апат салдарынан ұшқыштардың бірі - Уругвайдың 58 жастағы бұрынғы әскери қызметкері, Rihn DR-109 ұшағын басқарған ер адам көз жұмды. Ол Green аэродромының негізін қалаған.

Екінші ұшақтың ұшқышы, 32 жастағы ер адам зардап шекпеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram