jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Каппадокияда туристер арасында танымал жартас құлады: қаза тапқандар бар (видео)

Опырылған жартас
Опырылған жартас. Фото: x.com/lale_haber

Түркияның Каппадокия аймағында туристер арасында "сиқырлы мұржа" атауымен танымал жартас опырылды, деп хабарлайды Turkiye today басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, жартастың опырылуы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақат алған. Жартастың бөлшектері сол маңдағы ашық аспан астындағы музей аумағына құлаған.

Невшехир губернаторы Хусейн Кок төтенше жағдай нөсерден кейінгі көшкін салдарынан болғанын хабарлады.

Гөреме қаласындағы оқиға орнына полиция, жандармерия, AFAD табиғи апаттардың зардаптарын жою агенттігі және медициналық бригадалар жіберілген. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

"Өкінішке қарай, біз екі адамның денесін таптық және бір зардап шегушіні ауруханаға жеткіздік. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарымыз жалғасып жатыр", - деді губернатор.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram