АҚШ-та тікұшақтар соқтығысып, үш адам қаза тапты (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ-тың Орегон штатында екі тікұшақ соқтығысып, оқыс оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ABC News телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарнаның мәліметінше, қайғылы оқиға әуежайға жақын жерде, Макминнвилл қаласының маңындағы алқапта болған.
Ямхилл округі шерифінің кеңсесі берген ақпаратқа сәйкес, аспанда 1995 жылы шығарылған Robinson R22 тікұшағы мен 2018 жылы шығарылған Airbus AS350B3 тікұшағы соқтығысқан.
Әуе апаты салдарынан үш адам қаза тапқан. Марқұмдардың екеуі – Техастан келген 22 жастағы ұшу нұсқаушысы мен Ұлыбританиядан келген курсант-ұшқыш. Олар Robinson бортында болған. Ал үшіншісі – Airbus тікұшағындағы жалғыз жолаушы, Ньюбергтен келген 38 жастағы азамат.
Шерифтің айтуынша, оқиға орнына Федералды азаматтық авиация басқармасы мен Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңестің қызметкерлері де келген. Олар әуе апатын тергеуге жетекшілік етеді.
Three people were killed when two helicopters collided midair near McMinnville Airport in Oregon on Thursday afternoon. Follow: https://t.co/Ez42KDdHXv https://t.co/tmkfEj1s5T
— PressTV Extra (@PresstvExtra) October 30, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2449976-aqsh-ta-tikushaqtar-soqtygysyp-ush-adam-qaza-tapty-foto/