Германияда жастардың наразылығы 30 қалада жаппай тәртіпсіздікке ұласты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Германияның ірі қалаларында Gen-Z regelt ("Z ұрпағы шешеді") қозғалысы ұйымдастырған жастардың шеруі 31 қазан күні кешке қарай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, Майндағы Франкфуртте наразылық білдірушілердің бір бөлігі витриналарды қиратып, полицейлермен қақтығысқан. Берлинде құқықбұзушылықтар үшін 56 адам ұсталған, ал Кёльнде құқық қорғау органдары шеруге тыйым салған.
GERMANY JOINS THE REBELLION! Thousands hit the streets across 34 cities, protesting soaring living costs, budget cuts and failing public services. Merz's government is under pressure as young Germans say ENOUGH! https://t.co/xPpM9CKDv5
— Lory Reports | Authentic (@loryreport_01) November 1, 2026
Жалпы акциялар Германияның 30-дан астам қаласында өткен. Ұйымдастырушылардың дерегінше, оларға 100 мыңнан астам адам қатысқан. Наразылық білдірушілердің талаптары қатарында – білім сапасын арттыру, өмір сүру құнының өсуіне қарсы шаралар қабылдау, климатты неғұрлым белсенді қорғау, психотерапия мен тәуелділікті емдеу көмегін алуды жеңілдету бар. Сонымен қатар наразылық ұйымдастырушылары міндетті әскери қызметті енгізуге және әлеуметтік шығындарды қысқартуға қарсы шығып отыр.
GERMANY ERUPTS: GEN Z PROTESTS TURN VIOLENT IN FRANKFURT The protests, organised by “Gen Z regelt,” demanded better education, lower living costs and opposed compulsory military service. Violence also erupted in Berlin, Cologne and Hamburg as tensions escalated nationwide. Masked rioters looted shops in Frankfurt, smashed storefronts and hurled fireworks, stones and Molotov cocktails at police and emergency services. https://t.co/Ea0Wd9xA58
— SudhirPaka (@sudhir_paka) November 1, 2026
Майндағы Франкфуртте 8-9 мың адамның қатысуымен бейбіт басталған шерулер тонауға және полицейлерге шабуыл жасауға ұласқан. Олар шабуыл кезінде "Молотов коктейльдерін" де қолданған. Наразылық білдірушілердің агрессивті тобы қару-жарақ дүкеніне, сондай-ақ киім мен кроссовка сататын Snipes дүкеніне де кіріп үлгерген. Бірінші сауда нүктесіне шабуыл жасағандардан екі қару тәркіленген.
GERMANY ERUPTS IN CHAOS! Protesters set barricades on fire and hurl stones at police in Hamburg! Cops unleash pepper spray and water cannons as 30+ cities burn over conscription and soaring costs! https://t.co/AA2fXv473C
— Global Dissident (@GlobalDiss) October 31, 2026
Гессен ішкі істер министрі Роман Позектің айтуынша, тәртіпсіздіктердің артында шерушілердің арасында болған "зорлық-зомбылыққа бейім 100-ге жуық солшыл экстремист" тұр. Полицейлер шамамен осынша адамның құжаттарын тексеріп, тағы 30-дан астам адамды ұстаған.
Түнге қарай полицейлер тәртіпсіздіктерді тоқтата алған – бұл үшін суатқыштар, брондалған полиция машиналары, тікұшақ пен дрондар қолданылған. Оларға қала орталығының бір бөлігін жабуға тура келген.
In Germany, cost-of-living protests drew some 18,000 marchers in Frankfurt, Munich, and Berlin on Oct. 31. Police used water cannons on crowds throwing fireworks, and rioters smashed shop windows and looted stores in central Frankfurt after dark. #Germany #Frankfurt : CCTV https://t.co/gVcA8FAmxc
— Bridging News (@BridgingNews_) November 1, 2026
"Франкфурттің орталығындағы бұзақылар сияқты әрекет ететіндерге біздің қоғамда орын жоқ. Біз агрессорлардың әрекеттерін, құқық бұзушылар топтарының құрамын және оқиғалар барысын мұқият талдаймыз, содан кейін тиісті қорытынды жасаймыз", - деді Гессен премьер-министрі Борис Райн.
Сондай-ақ басылымның дерегінше, Берлинде негізінен солшыл радикалды топтардың өкілдерінен тұратын, 3,5 мыңға жуық адам жиналған екі ірі акцияның бірі тәртіпсіздікке ұласқан.
1/4 LOOTING IN FRANKFURT AFTER YOUTH PROTEST - Rioters smashed shop windows and looted stores on the Zeil shopping street and nearby Hasengasse on Saturday night, police said - dpa (German Press Agency) reporters saw people stealing sneakers and other goods from a sports shoe store - Police sealed off the Zeil, Hauptwache and Konstablerwache with water cannons, armored vehicles, a helicopter and drones https://t.co/yuBaX2DXKP
— Lord Bebo (@MyLordBebo) October 31, 2026
Шерушілердің бір бөлігі полицейлерге қарата петарда мен бөтелкелер лақтырып, фейерверк атқан. Бұған қоса акцияға қатысушылар мүлікті бүлдіріп, қару туралы заңды бұзған, деп атап өтті тәртіп сақшылары. Соңында 56 адам ұсталып, 27 полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.
Кёльнде құқық қорғау органдары белсенділерге шеру өткізуге тыйым салып, тек бір орында акция ұйымдастыруға рұқсат берген. Бұған кейбір шерушілердің бетперде тағып алуы және пиротехниканы қолдануы, соның ішінде оны полицейлерге лақтыруы себеп болған. Осының салдарынан акция соңында полиция суатқыштарды қолданған.
Гамбургте кешке наразылық білдірушілердің бір бөлігі баррикадалар тұрғызып, оларды өртеген, сондай-ақ полицейлерге бөтелкелер мен тастар лақтырған. Штутгарт пен Бремендегі наразылықтар да дәл осылай аяқталған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2450423-germaniiada-zhastardyng-narazylygy-30-qalada-zhappai-tartipsizdikke-ulasty-video/