Цюрихтегі Хэллоуин шеруі жаппай тәртіпсіздікпен аяқталды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Швейцарияның Цюрих қаласында солшыл радикал белсенділердің рұқсат етілмеген шеруі жаппай тәртіпсіздікке және полицейлермен ашық қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жергілікті 20 Minuten газетінің материалына сілтеме жасап жазуынша, сенбі күні кешке Цюрихтің 4-округіндегі Лангштрассе ауданында солшыл экстремистердің рұқсат етілмеген шеруі өткен. Көбі бетперде мен қорғаныш көзілдірік таққан бірнеше жүз шеруші милитаризацияға, полицияның әрекетіне, капитализмге, фашизмнің күшеюіне қарсы шығып, сондай-ақ Газа секторындағы соғысқа қатысты наразылық білдірген.
"Бұл балалардың "тәтті ме, әлде арамдық па" деген ойыны емес, нағыз бүлік пен мағынасыз күйрету болды: жексенбі күні кешке 4-ауданда өткен Хэллоуин шеруі бақылаудан мүлдем шығып кетті. Шағылған терезелер, бүлінген қасбеттер және қоқыс тасушы көліктерден, электрсамокаттар мен электрвелосипедтерден жасалып, өртелген баррикадалар. Түн ортасынан кейін жағдай тіпті ушықты: мүліктік залал ондаған мың долларға бағаланды", - деп жазады басылым.
FLASH - Une nuit de tensions se prépare à Zurich pour dénoncer le réarmement et les inégalités sociales. Des poubelles sont déjà en feu et des bouteilles en verre ont également été lancées sur les services d’urgence. (20 Minuten) https://t.co/rA0UOKIf1q
— SuisseAlert (@SuisseAlert) October 31, 2026
Жексенбі күні таңертең Цюрих полициясы Брауэрштрассе көшесіне медициналық көмек көрсету үшін шақыртылған патрульдік қызметкерлерге топтың шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Патрульдік көлік бүлініп, полицейлер жол апаты салдарынан аяғынан ауыр жарақат алған жасөспірімге көмек көрсетіп үлгермей шегінуге мәжбүр болған.
#BREAKING Intense clashes are being reported between protesters & police in #Zurich, #Switzerland. ▪️▪Authorities deployed water cannons to disperse hundreds of protesters in District 4, where burning barricades & the launching of pyrotechnic devices were reported. @polymarketenesp https://t.co/s29juD03VG https://t.co/cf6oyHNxFu
— ⚡️ Sarwar ⚡️ (@ferozwala) November 1, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2450435-tsiurihtegi-hellouin-sherui-zhappai-tartipsizdikpen-aiaqtaldy-video/