jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Иран жаңа шабуылдар жасалған жағдайда АҚШ-тың Еуропадағы базаларына соққы беретінін ескертті

Иран зымырандары
Иран зымырандары. Иллюстрациялық фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Иран жаңа шабуылдар жасалған жағдайда АҚШ-тың Еуропадағы әскери базаларына соққы беретінін ескертті. Мұндай мәлімдемені Tabnak басылымына берген сұхбатында ирандық депутат Манучехр Моттаки жасады, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, бірқатар ел, соның ішінде Ұлыбритания, Италия, Португалия және Германия өздерінің әскери базаларын АҚШ-тың жойғыш ұшақтарына Иранға қарсы операцияларға дайындалу үшін пайдалануға берген.

Депутат бұл мемлекеттер де Америка Құрама Штаттарының әрекеттері үшін жауапты деп санайды.

"Географиялық шектеулерді алып тастаудың мәні біздің жойғыш ұшақтарымыз үшін де, еліміз, шетелдік тараптар мен дұшпандарымыз үшін де түсінікті. Бұл – егер біз соғыс жүргізетін болсақ, ол енді аймақтық емес, трансұлттық сипат алатынын білдіреді, өйткені географиялық шектеу жоқ", - деп мәлімдеді Моттаки.

БАҚ мәліметінше, АҚШ Таяу Шығыста Иранға қысқа мерзімде соққы жасауға жетерлік күш шоғырландырып үлгерген. Сарапшылардың пайымдауынша, Иранның ядролық нысандарына, соның ішінде зерттеу орталықтарына шабуыл жасалуы мүмкін.

Бұған дейін танымал журналист Такер Карлсон АҚШ жақын арада Иранға ядролық соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram