jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қырғызстан Ресейден 21 жастағы азаматын қайтаруды сұрады

Қырғызстан туы
Қырғызстан туы. Иллюстрациялық фото: Wong Yu Liang/Getty Images

Қырғызстанның Манас қаласының 21 жастағы тұрғыны Элистан Токтогулов Ресейге жұмыс іздеп барып, әскери полигоннан бір-ақ шыққан. Туыстарының айтуынша, оған айына 110 мың рубльге дейін жалақы уәде етілген, деп хабарлайды Kursiv Media.

Қазір ол Воронеж облысындағы әскери полигонда Украинадағы соғысқа жіберуге дайындалып жатыр. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі РФ СІМ-не азаматты еліне қайтаруды талап етіп, нота жолдаған.

"Азаттык Азия" басылымының хабарлауынша, азамат жұмыс туралы хабарландыруды Instagram-нан тапқан. Бауыры Баястан Куштарбек уулуның айтуынша, оған жүк көлігінің жүргізушісінен бастап қауіпсіздік қызметкеріне дейінгі бос орындар ұсынылған.

Элистан кеткеннен кейін екі апта өткенде, 3 қарашада отбасы Қырғызстан билігіне бейнеүндеу жолдады.

Қырғызстан СІМ 5 қарашада ресми нота жолданғанын хабарлады. Ведомство азаматтың белгісіз тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің салдарынан Ресейдің әскери бөліміне тап болғанын атап өтті.

Елшілік Ресей құзыретті органдарынан тексеру жүргізуді, кінәлілерді анықтап, жауапқа тартуды және Токтогуловты үйіне қайтаруды сұрады. Дипломаттар азаматтың отбасымен байланыста отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram