jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мысырда пойыздар соқтығысты: жеті адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті (фото, видео)

Рельстен шығып кеткен вагондар
Рельстен шығып кеткен вагондар. Фото: Sayed Hassan/Getty Images

Мысырда екі локомотив соқтығысып, пойыз вагондары рельстен шығып кетті, салдарынан жеті адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі жеті адамның қаза тапқанын растады. Олардың арасында ауруханада көз жұмған пойыз машинисі де бар.

"112 адам жарақат алды, жағдайы жақсаруына байланысты зардап шеккен 45 азамат медициналық мекемелерден шығарылды", - деп мәлімдеді ведомство.

Мысыр ұлттық теміржол басқармасы болған қайғылы оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Жексенбі, 8 қарашада "Тахья Миср" пойызы (№ 134, Гиза – Файюм бағыты) № 2010 пойызының (Каир – Асуан бағыты) артқы бөлігіне соғылды. Оқиға Кафр-Аммар және Эр-Ракка станциялары арасындағы учаскеде болды. Бірнеше вагонның рельстен шығып кетуі салдарынан жолаушылар зардап шекті", - деді ведомство өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram