jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қытайдағы тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен 14 адам қаза тапты (фото, видео)

Тұрғын үй кешеніндегі өрт
Тұрғын үй кешеніндегі өрт. Видеодан кадр: x.com/RT_com

Шаньси провинциясындағы тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Қытайдың орталық телевизиясы хабарлады, деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өрт кеше, 8 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 16:59-да Тайюань қаласының Инцзэ ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан.

Қайғылы оқиға салдарынан қазіргі уақытта 14 адамның қаза тауып, 30-дан астам адамның зардап шеккені белгілі болды.

Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында ТЖ салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram