Польшадағы атыс: Күдікті ауруханада қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Малополь воеводствосының полициясы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Краков орталығында оқ атқан күдіктінің көз жұмғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қайғылы оқиғаға кінәлі адам бүгін таңертең ауруханада қайтыс болғанын хабарлаймыз", - делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польшаның Краков қаласының орталығында атыс болғанын, қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін жазған едік.
Краковтағы атысқа байланысты Польшада 8 және 9 қараша қаралы күн деп жарияланды.
Кейінірек полицейлер күдіктінің үйінен бірнеше адамның мәйітін тапқаны хабарланды. Олар күдіктінің жақындары болуы мүмкін.
Краковтағы атыстан кейін прокуратура "терроризм" бабы бойынша іс қозғады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Краковтағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2453960-polshadagy-atys-kudikti-auruhanada-qaitys-boldy/