Конгода бірден 66 сарбаз өлім жазасына кесілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Конго Демократиялық Республикасында әскери сот 66 сарбазға өлім жазасын кесті. Ал төрт әскери қызметші ақталып, біреуі бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ACP-ға сілтеме жасап.
Конго Демократиялық Республикасында сот талқылауының қорытындысы бойынша 66 әскери қызметші өлім жазасына кесілді. Олар әскери бүлік және бұйрыққа бағынбау сияқты айып тағылды.
"Гома гарнизонының әскери соты 66 сарбазды өлім жазасына кесті. Аса жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, сержант 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген мәлімдемеде.
Тағы төрт әскери қызметші ақталды. Олардың арасында барлау бастығы лауазымын атқарған капитан да бар.
Бастапқыда 54 әскери қызметші тергеуде болды. Кейін оларға тағы 16 адам қосылып, соңынан тағы басқа адамдар ұсталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2454452-kongoda-birden-66-sarbaz-olim-zhazasyna-kesildi/