jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Садыр Жапаров Қырғызстан президенті сайлауына өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысады

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: t.me/President_of_KR

Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаров 2027 жылғы қаңтарда өтетін сайлауға өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысады, деп хабарлайды 24.kg-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Садыр Жапаров Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияға президенттікке өз кандидатурасын ұсыну туралы өтініш білдірген. Ол сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысуға ниетті.

Айта кетейік, 10 қарашадағы жағдай бойынша комиссияға президент лауазымына кандидат ұсыну туралы алты өтініш түскен. Бұған дейін сайлауға қатысуға ниетті екенін Аймен Қасенов, Азамат Эсенбеков, Сыймык Жапыкеев, Акай Қыдыров және Исхак Масалиев мәлімдеген болатын.

Бұл ретте Қырғызстан президенті сайлауына кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін жалғасады. Ал сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram