jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ресейде еңбек мигранттары жұмыс істемейтін отбасы мүшелері үшін салық төлеуге міндеттеледі

Ресей туы
Ресей туы. Фото: rbkomar/Getty Images

Ресейдің ішкі істер министрі Владимир Колокольцев елге туыстарымен бірге келген шетелдік жұмысшылар олар үшін салық төлеуге міндетті болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Колокольцев елде жаңа заң қабылдау көзделіп отырғанын айтты. Құжатқа сәйкес, Ресейге жұмыс істемейтін отбасы мүшелерімен бірге келген шетелдік азаматтар олар үшін салық төлеуге міндеттеледі. .

"Біз еңбек мигранттарының Ресейге жұмыс істемейтін туыстарын әкелу мүмкіндігін қаржылай шектейтін заң қабылдауға бастамашы болдық.

2027 жылдан бастап келген әрбір отбасы мүшесіне қосымша салық салынатын болады", - деді ол.

Ресей ІІМ басшысы бұл әлеуметтік салаға түсетін жүктемені азайту үшін жасалып жатқанын жеткізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram