Болгарияда жаппай жол апаты болды: 86 көлік соқтығысып, 11 адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Болгариядағы Тракия автомагистралінде тұман салдарынан 86 көлік жаппай жол апатына түсті. 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Болгар телеграф агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Болгарияда ел астанасы Софияны Бургас қаласымен байланыстыратын Тракия автомагистралінде 86 көлік жаппай соқтығысқан.
Елдің ІІМ апатқа қатты тұман себеп болуы мүмкін екенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, жүк көлігі жолаушылар автобусының жолын бөгеп, жауып қалғаннан кейін Бургас бағытындағы қозғалыс жолағында болған.
Автобустың артынан бидай тасымалдаған жүк көлігі келе жатқан. Жеңіл көлік жүк көлігінің артқы бөлігіне, ал жүк көлігі автобусқа соғылған. Артынша Софияға апаратын қозғалыс жолағында да жол апаты болды.
"Кенеттен қою тұман басталып, Бургасқа қарай бағыт алған автомобильдер арасында кептеліс болған. Қарсы бағыттағы жолақтағы апатқа не болып жатқанын көру үшін қозғалысын тежеген автомобиль жүргізушілері себеп болуы мүмкін", - деді Болгария ІІМ басшысы Иван Демерджиев.
ІІМ мәліметінше, оқиғаға 86 көлік қатысқан, оның 63-і Бургас бағытында, ал 23-і София бағытында жүріп келе жатқан.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі он адам оқиға орнында қаза тауып, тағы біреуі ауруханада қайтыс болғанын хабарлады.
Tragedy in Bulgaria. 10 people have died and over 50 were injured in a series of major crashes involving around 50 vehicles on the Trakia motorway near Yambol. Dense fog caused extremely poor visibility. https://t.co/AYu4pjvqaL
— една българка (@transbulgaria) November 10, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2454778-bolgariia-zhappai-zhol-apaty-boldy-86-kolik-soqtygysyp-11-adam-qaza-tapty-video/