jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Оңтүстік Кореяда автобус 32 көлікке соғылды: 48 адам зардап шекті (видео)

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: x.com/ICR360

Оңтүстік Кореяның Соннам қаласында таңертең автобус 32 көлікті соғып, 48 адам зардап шекті, деп хабарлайды Yonhap агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің мәліметінше, Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Соннам қаласында таңғы қарбалас уақытта автобус жолда тұрған 30-дан астам көлікке соғылған.

"Шамамен 60 жастағы ер адам тізгіндеген автобус басқа төрт автобуспен, бір жүк көлігімен және 27 жеңіл автокөлікпен соқтығысып, артынша жолдағы қоршауға соғылып тоқтаған. Оқиға таңғы сағат 7:34-те болды", - делінген хабарламада.

Жергілікті билік өкілдері оқиға салдарынан 48 адамның зардап шеккенін, олардың алтауы ауыр жарақат алғанын хабарлады. Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Тексеру нәтижесінде автобус жүргізушісінің мас күйде болмағаны анықталған. Жүргізушінің айтуынша, автобустың тежегіші істемей қалған. Қазіргі уақытта полицейлер апаттың нақты себебін анықтап жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram