jitsu gif branding logo appbranding logo app

Дональд Трамп АҚШ-та 2016 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысады

: UGC

АҚШ-тың келесі президенті Дональд Трамп болуы мүмкін. Миллиардер 2016 жылы өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген деп хабарлайды Астана арнасы.

Трамп өзін "АҚШ-қа бұрынғы айбынын қайтара алатын жалғыз адаммын" деп есептейді. Бұл ақпарды The Independent жариялады.

Егер миллиардер президент тағына отырса, Иранда ядролық қару жасауды тоқтатып, "Ирак пен Левант Ислам мемлекеттерімен" қақтығыста жеңіске жетемін деп отыр. Бюджет тапшылығын қысқартып, жұмыссыздық мәселесін шешеріне сенімді.

Трампқа Хиллари Клинтон, Джеб Буш және Митт Ромни бәсекелес болуы мүмкін. Алайда, Трамптың ойынша, Буштың да, Ромнидың да жеңіп шығуға мүмкіндігі жоқ.

Бірақ бизнесмен АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірмеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.