RU
14 жылға сотталған Лейла Храпунова соттың шешіміне пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

14 жылға сотталған Лейла Храпунова соттың шешіміне пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Кеше Храпуновтар жанұясына қатысты істің нүктесі қойылды. Сот Виктор Храпунов пен оның жұбайына ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырып, мүліктері мен қаржыларын тәркілеу туралы шешім шығарған еді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: biss.kz

Фото: biss.kz
Source: UGC

Лейла Храпунова Facebook парақшасында сот шешімін естіген соң өзін қалай сезінгенін айтты. Ол соттың осы шешімді қабылдайтынын күткенін, алайда естіген соң бір түрлі күй кешкенін жазған. Храпуновтың жұбайы бұл жаңалықты қыдырып келген соң білген.

"Қызық деп ойладым. Себебі, өзім үшін нашар жаңалықты оқығанда денемнің жеңілдегенін сездім. Бұл түйіннің, абсурдты жағдайдың шешімі болғандай еді.
Осы уақытта аспанға қарап, Женева көлінің төбесіндегі керемет кемпірқосақты көрдім. Осылай көңілім жайланды. Өйткені, бала күннен бері кемпірқосақтың ғажайып нәрсе екенін білемін. Ол Құдайдың белгісі, оның адам істеріне мейірімді түрде араласуының белгісі. Барлығы жақсы болады", - деді Храпуновтың әйелі өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық сот Виктор Храпуновты 17 жылға, ал оның жұбайын 14 жылға соттау туралы шешім қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, олардың барлық мүліктері мен шотындағы ақшалары тәркіленбек.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel