RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Бес қыздың өліміне көңіл айтқан астаналық баспасөз хатшысы жылап қалды (видео)

Жарияланған күні:

Астана қаласында 4 ақпан күні өрт салдарынан бес баланың көз жұмуына байланысты өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасына ерік берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр/ NUR.KZ: Facebook

Журналистерге жауап беру барысында Эльмира Жүргенбаеваның көзі жасқа толды. Сөзін толық аяқтай алмаған баспасөз хатшы бірден журналистерден сұрақ қоюды сұраған.

Жұрттың жүрегін ауыртқан бұл видео бірден әлеуметтік желіге тарап кетті.

"Біз қазір ғана сол жақтан келдік. Астана қаласының әкімдігі көз жұмған балалардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады және оларға тиісті көмек беруге дайын", -деді ол.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.

Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді. Анықталғандай, жанұяның тұрмысы төмен болмаған. Ал балалар жер қойнауына 5 ақпан күні тапсырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1776788-bes-kyzdy-limine-kil-ajtkan-astanalyk-baspasz-hatsysy-zylap-kaldy-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 5

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

mykat

Осы қызды әлеуметтік министр етіп тағайындау керек анау безбүйректің орнына.

Comment reaction

Yoz

скорбим*(

Comment reaction

Omirzak

Балапандардың жаны жаннатта болсын.... Қайран қазағым-ай, ел аман, жұрт тынышта осылайша қырылып

Кыстаубек

Қаза болғандардың отбасын қайғырып көңіл айтамын!!! Алла алдынан жарылқасын, туыстарына сабыр берсін !!! Халқым, бұл оқиғаның түбіріне қарасақ, сол баяғы жетіспеушілік, күн көру үшін күні-түні жұмыс істеуге мәжбүрлік!!! Биліктегілерге ойлану керек, отандастарымыз қандай еүй кешуде, осыған не әкеп соқты??? Жақында ғана көп балалыларға пособие беру қате деп оттаған министрге дейін ойлану керек!!! Біз кімді қамқорға алуымыз керек??? Әбден тойынып, еріккеннен не істерін білмей жұртты басып, жаншып, өлтіріп жүргендерді ме, әлде ертеңгі елімнің керегесін кеңейтер қарапайым халықты ма??? Ойланайық!!!

Братбек

Тұрмысы төмен болмаса түнде жұмыс істеп несі бар?!!? Тұрмысы төмен болмаса 4 кредиті бола ма?! Қазақстанда 80% адамның тұрмысы төмен

jitsu gif