RU
Жеті баласы бар "Алтын алқа" иегері: Өздері сондай аз ақшаға өмір сүре ала ма?
Жаңалықтар Қоғам

Жеті баласы бар "Алтын алқа" иегері: Өздері сондай аз ақшаға өмір сүре ала ма?

Рассказать Вконтакте

Астанада бір топ көпбалалы ана "Конгресс холлда" жиналып, əкімдікке жанайқайларын айтты. Жиналған жұрттың ішінде "Алтын алқа" иелері де бар деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жеті баласы бар "Алтын алқа" иегері: Өздері сол ақшаға өмір сүре ала ма?

Жұмақыз Көкішева. Фото: NUR.KZ

"Жеті балам бар, бəрі мектеп оқушылары. Күйеуім тастап кеткен. Үкіметтің əр балаға беретін 2,5 мың теңгесі қайда жетеді? Өздері сол ақшаға өмір сүре ала ма екен?", - деп ашынды көпбалалы ана Жұмақыз Көкішева.

Жалғызбасты әйелдің айтуынша, оның бар арманы - кезексіз пəтер алу екен.

"Астанада пропискам бар. Біз сияқты аналарға үй берсе болатын еді ғой? Қазақтың санын көбейт дейді. Үй болмаса қайдан көбейтеміз? Пəтер жалдап, несие төлеп жүрміз. Үкімет көпбалалы аналарға пəтер беріп, несиелерін төлеп берсін, басқа айтарым жоқ", - деді "Алтын алқа" иегері.

Айта кетерлігі, көпбалалы аналармен кездесуге қала əкімінің орынбасары Ермек Аманшаев келді. Ол "өтініштеріңізді жазыңыздар, қарастырамыз" деп сендірді.

Бір топ ана 15 ақпан күні сағат 10-да "Конгресс холлда" қайта кездесеміз деп тарқасты.

Жеті баласы бар "Алтын алқа" иегері: Өздері сондай аз ақшаға өмір сүре ала ма?

Фото: NUR.KZ

Еске сала кетсек, елді есеңгіреткен қайғылы оқиға 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орын алған болатын.

Жекеменшік үйден өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

5-ші қаңтарда марқұм қыз балаларды қалың жұрт ақтық сапарға шығарып салды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы да қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
4
0
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel