Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойып біттік": Астанада көпбалалы аналар шу шығарды (фото, видео)

Опубликовано:

Бүгін Астанада бір топ көпбалалы ана қаланың оң жағалауындағы "Конгрес холл" ғимаратының алдына жиналып, наразылығын білдірген. Олар əкімдік өкілдеріне жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Алғашында ғимарат алдында жиналған аналарды кейін "Конгресс холлдың" ішіне кіргізген.

Көпбалалы аналар мемлекеттен аналарға берілетін жəрдемақы мөлшерін көбейтіп, кезексіз пəтер беру мəселесін көтерген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Қанша рет əкімдікке бардық. Тыңдады ма бізді? Осылай бес бала өлу керек пе еді? Көп балалы аналардың жанайқайын жеткізу үшін?", - деп шулады жиынға келгендер.

Əкімдік өкілдері көпбалалы аналарға "сенбі күні сағат 10-де тағы бір жиын өткіземіз" деп сендірді.

Сондай-ақ, бір топ ана қала əкімі Бақыт Сұлтановтың өзі кездесуге келсін деп талап етуде.

"Əкімдіктің сөзіне тойып біттік. Əкімнің өзі келсін. Қазір өтініштерімізді жаздырып аласыздар. Бəрі сөз жүзінде қалады", - деп ашынды олар.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Астана қаласы əкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаевның айтуынша, жиын жоспарсыз орын алған.

"Қазір тағы бір мəрте кездесу ұйымдастыруға тырысамыз. Қай күні кездесетініміз шешіледі. Бəлкім сенбі күні тағы бір рет осындай түсіндіру шаралары ұйымдастырылатын шығар", - дейді ол.

Еске сала кетсек, елді есеңгіреткен қайғылы оқиға 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болған еді.

Жекеменшік үйден өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

5-ші қаңтарда марқұм қыз балаларды қалың ел ақтық сапарға шығарып салды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы да қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777127-tojyp-bittik-astanada-kpbalaly-analar-su-sygardy-foto-video/

pixel